Семей қаласында Алаш орда жетекшісі Әлихан Бөкейхановқа арналған ескерткіш ашылды.

Ескерткіш Алаш орда үкіметінің 100 жылдығы мен Әлихан Бөкейхановтың 151 жылдығына орай орнатылған. Биіктігі бес метрлік Бөкейханов ескерткішінің ашылу салатанатына зиялы қауым өкілдерімен бірге облыс әкімдігінің басшылары және «Ақ жол» партиясының мүшелері қатысқан.

Бұған дейін қала әкімі Ермек Сәлімов "Әлихан ескерткішін қаланың қай көшесіне орнатуға болады?" деген сұрақ бойынша арнайы мемлекеттік комиссия құрған. Аталмыш комиссия Бөкейханов ескерткішін шаһарда әлі аты өзгермеген Ленин көшесінің бойына қою керек деп шешім шығарған.

“The Qazaq Times”