Алматының  Алатау ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында жаңа жеңіл атлетика стадионы ашылды. Оның жалпы алаңы - 39 мың шаршы метр, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Стадион «Алматы Арена» мұз сарайының артында, қолайлы жерге орналасқан, мұнда жеңіл атлетиканың 47 түрімен айналысып, футбол тебуге де болады. Ашық стадионда 100,400 метрлік жүгіру жолдары,  100 х70 м. көлемдегі жасанды  футбол алаңы, ұзындыққа және биікке секіретін алаңдар,  көлемі 100х62 метр болатын ядро, диск, найзағай лақтыруға лайықталып жасалған арнайы аймақтар бар.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, алдағы уақытта Медеу ауданындағы «Халық Аренаның»  жанынан да барлық халықаралық стандарттарға сай келетін 5000 орынды замануи жабық  жеңіл атлетика стадионын салу  жоспарланған.

“The Qazaq Times”