Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннон Финляндия астанасы Хельсинкиде 11-12 қыркүйек күндері кездесу өткізіп, екі ел арасындағы «Дипломатия соғысын» барынша бәсеңдетуге тырысып бақты. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігі сайтында жазды.

Ресейлік «Спутник» ақпарат агенттігі 11 қыркүйек күнгі хабарында «тараптар бір-бірінің консулдықтарына қатысты шектеулерді өз ішіне алған екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады» деп хабарлаған болатын. Сергей Рябков: «Егер АҚШ-та Ресей дипломаттарының қызметі шектелсе, өзара қарым-қатынаста Ресей де америкалық дипломаттарға бірдей шектеулер енгізеді», – деген пікірде.

Сол күні Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Ресейдегі дипломаттарын емдеу қызметтері де, АҚШ-тағы ресейлік қызметкерлердің емдеуіне негізделетінін мәлімдеген еді. Бұл жолғы кездесу кезінде екі жақты қатынастардың стратегиялық тұрақтылығын да талқылады. Бұл бірнеше тармақты қамтиды, айталық: ядролық қарумен қорқыту мәселесінде, ғарыштық технологиялардан тартып зымыран қорғаныс жүйелері мәселесі де талқылауға түсті.

АҚШ ABC арнасының хабарына қарағанда, жақында АҚШ пен Ресей ағымдағы шиеленісті жеңілдету үшін сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізбек екен.

Шілде айында, АҚШ Конгресі Ресей және өзге үш елге қарсы соңғы санкцияларды қабылдады. Бұл қадамның жауабы ретінде Ресей жақ 755 америкалық дипломатиялық қызметкерді қысқартты. Кейін екі жақта дипломаттарды қысқарту ұсыныстарын ортаға қойды. Құрама Штаттар ресейлік тараптан 2 қыркүйекке дейін Сан-Франциско Бас консулдығы мен Уашингтонда және Нью-Йорктегі дипломатиялық мекемелердің біреуін жабуды сұрады. Бұл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының ең бір нашарлаған тұсы деуге болады. Десе де, соңғы кездері екі ел сыртқы істер министрліктері қарым-қатынасты қайта ретке салуға тырысып отыр.

“The Qazaq Times”