Иран Солтүстік Кореяға атом бомбасын жасауға көмектескен, деп жазды ұлыбританиялық The Telegraph газеті.

Басылымның мәліметінше, Солтүстік Корея қысқа уақыт ішінде жалғыз өзі атом бомбасын жасап шығуы мүмкін емес. Газеттің Ұлыбритания билігіндегі дереккөздерінің айтуы бойынша, Солтүстік Кореяға зымыран қозғалтқышы мен атом бомбасын жасауға бірінші кезекте Иран немесе Ресей көмектесуі мүмкін. Бірақ газет бұл мәліметтерге ешқандай дәлел келтірмеген тек жоғары лауазымды атқа мінерлердің сөзіне ғана сүйенген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ресейлік БАҚ өкілдері Солтүстік Кореяға зымыран қозғалтқышын Украина елі берген деген ақпарат таратқан болатын. Бірақ ақыр соңында бұл ақпарат та ешқандай негізсіз болып шыққан еді.

“The Qazaq Times”