Апта соңында болып өткен «ЭКСПО-2017» әлемдік көрмесінің жабылу қарсаңында және Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерінің ғылым және технология жөніндегі бірінші саммиті барысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жиналысқа келген бірқатар елдер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлаған болатын.

ҚР президенті қабылдаған басшылар арасында Венесуэла президенті Николас Мадуро (Қазақстанға алғаш рет сапарлай келуі), Иран президенті Хасан Рухани,  Гвинея Республикасының президенті Альфа Конде, Индонезия Республикасының вице-президенті Юсуф Калла және Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мохаммад Ашрап Ғани қатарлы басшылар бар. Сонымен бірге, Ислам Даму Банкінің президенті Бандар бен Мұхаммад Ханджармен және ИЫҰ-ның Бас хатшысы Юсеф бин Ахмад әл-Осейминді де қабылдады.

Бұл реткі саммитте 57 ислам елінің ғалымдары мен басшылары келіп, ғылым-технологияны дамыту істері турасында талқылар өткізді. Сонымен бірге елге сапарлай келген мемлекет басшыларымен екіжақты сауда-экономикалық, қауіпсіздік, қатынас-тасымал істеріндегі ынтымақтастықтар да жеке-жеке сөз болды. Иран Ислам Республикасы, Индонезия басшыларымен кездесуде тараптардың осыған дейін жүргізген түрлі ынтымақтастығын одан сайын тереңдету мәселелері қозғалды. Ал, Венесуэла басшысы Николас Мадуро елімізге алғаш рет сапарлай келіп, Қазақстанмен қарым-қатынасты барынша нығайтуға ниетті екенін білдіріп кетті.

“The Qazaq Times”