Қырғызстандағы төтенше жағдайлар Министрінің хабарлауынша,  Бішкектегі Boeing 747 жүк ұшағы құлап, шамамен 32 адам қаза тапқан. Апат салдарынан 15 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. 

Алғашында қаза тапқандардың саны 15 екені анықталып, үшеуі экипаж мүшелері, оның ішінде алты бүлдіршін бар. Бір экипаж мүшесіне жедел көмек көрсетіліп жатыр.

Апат Boeing 747 ұшағы Бішкектегі Манас әуежайында болған. Оқиға орнында бірден өрт шыққан. Қырғызстандағы баспасөз-хатшылығы, бұл ұшақтың   Turkish Airlines-қа тиіселі екендігін жеткізді. Ол Гонконгтан Стамбулға Бішкек арқылы бағыт алған болатын.

«Сокулук ауданында болған апат орнына бірінші вице-премьер Мухамметкалый Абулгазиев, ТЖМ басшысы Кубатбек Боронов және жол және коммуникация министрлігінің өкілі Жамшитбек Калилов келеді», – деп хабарлайды Риа Новостидің Қырғызстандағы тілшісі.

Әуежайдың баспасөз хатшылығы, қазіргі уақытта осы апат жағдайына байланысты Манас әуежайы жабық тұрғанын хабарлайды.

«The Qazaq Times»