АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы құпиялардың шетін шығарды. Бұл туралы «The New York Times» басылымы хабарлады.

Ол әлеуметтік желі парақшасында: «АҚШ бұрыннан бері  Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізіп келеді. Шамадан тыс төлем де төледі. 25 жыл болды. Келіссөз Солтүстік Корея мәселесін шешетін бірден бір әдіс емес екені дәлелденді», – деді. Сонымен бірге АҚШ Гавай жағалауынан зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сәтті сынағанын айтқан.

Ал Ұлыритания премьер-министрі Тереза Мэй Қытай үкіметіне хат жолдап, Солтүстік Кореяға бағытталған қысымды нығайтуға шақырды. Тереза Мэй қазіргі уақытта Жапониядағы сапарын бастап кетті. Ол бұл елге Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шыққаннан кейін Жапониямен болатын сауда-саттық істері қалай болатынын кеңесу үшін келіп отыр. Сапарының тағы бір бағыты Солтүстік Кореяға қатысты жаңа санкциялар тақырыбын талқылайды. Сондай-ақ Тереза Мэй британдық әскерлердің әскери операцияларға қатысуынан бас тартты.

“The Qazaq Times”