Неваданың атлетикалық кеңес дәрігерлері Конор Макгрегорға 60 күн бойы жаттығу жасап, жекпе-жекке шығуға тыйым салды, деп хабарлайды The Sun ақпарат көзі.

Невада атлетикалық кеңесінің дәрігерлері бұндай шешімді Макгрегордың америкалық боксшы Флойд Мэйуэзормен кездесуінен кейін шығарған. Жекпе-жек барысында Конор Макгрегор Мэйуэзордан шамамен 150 соққы өткізіп алған.

Медициналық тексерістен кейін дәрігерлер Конор Макгрегорға шаршы алаңға 2017 жылдың қараша айынан бастап қана шығуға рұқсат берген. The Sun басылымының мәліметінше, Макгрегор келесі жекпе-жегін 2018 жылы бірақ өткізбек.

Естеріңізге салайық, 29 жастағы Конор Макгрегор мен 40 жасатағы Флойд Мэйуэзор арасындағы кездесу тамыз айының 27 күні Лас-Вегас қаласында өткен еді. Әлем жұртшылығы жыл жекпе-жегіне балаған кездесу 10 раундта Макгрегордың техникалық накаунтпен жеңілуімен аяқталған болатын. Осы кездесуі үшін Мэйуэзор 300 миллион доллар, Макгорегор 100 миллион доллар көлемінда сыйақы алған.

“The Qazaq Times”