Бүгін белгілі қаламгер, аудармашы, көсемсөз шебері, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Кеңес Юсуп 76 жасында өмірден озды.

Қазақ әдебиетінің көркем аударма саласында ірі әріптермен аты жазылар қаламгер Кеңес Сіләмханұлы Юсуп, 1941 жылы 30 маусымда  Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Баймұра ауылында өмірге келген.

К.Юсуп Семей өзеншілер училищесінде оқыды. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады. 1968 - 1996 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Қазақстан коммунисі», «Жүлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1997 жылдан Қазақстан Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы қызметін атқарды.

«Ақиқат сапары», «Қарашадағы көктем», «Охапка полевых цветов» әңгімелер мен повестер жинақтарының авторы. Сондай-ақ, «Анықтама сөздігі», «Екі тілде іс жүргізу», «Желқайық», «Құжат тілі» кітаптары жарық көрген. 1983 жылы Габриель Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романын, жас болгар жазушыларының «Гүлжазира» әңгімелер мен повестер жинағын қазақ тіліне аударған.

“The Qazaq Times”