Қазақстан Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропалық одақ мемлекеттеріне құрғақ қымыз ұнтағын экспорттау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда қытайлық компаниялармен астықты, майлы дақылдарды, өсімдік майын экспорттау үшін келісім-шартқа қол қойылса, Араб Әмірлігі мен Иранға жасымық тасу үшін компаниялармен келісімге қол қою қайта қаралып жатыр.

Ал, Ресей, Израиль, Гонконг елдерінің компанияларымен күнбағыс тұқымын, қатты бидай, ұн, ноқат, бұршақ, қой етін тасымалдау үшін келісөздер жүргізілуде. Қытай нарығына сиыр, шошқа еттерін, сүт, құс өнімдерін, тірі жануарлар, соның ішінде жылқыларды шығару жоспарланған.

Сондай-ақ, министрлік Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Израиль, Кувейт мемлкеттерінің ветеринарлық қызметімен қой етін жеткізу жолдары бойынша келіссөздер жүргізілуде. Ал, парсы шығанағы елдері бойынша келіссөздер аяқталуға жақын.

“The Qazaq Times”