Осыдан бұрын Түркия НАТО-ның қарсылығына қарамастан, Ресейдің S-400 қорғаныс жүйелерін сатып алмақ болғаны туралы айтылған еді. Бір күн бұрын Ресей  Түркия жақтың сатып алу талабына жауап қайтарды. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлады.

Ресейдің Федералдық Әскери техникалық ынтымақтастық бөлімшесінің бастығы Дмитрий Шугаев Түркияға S-400 қорғаныс жүйесін сатып беру туралы келіссөздерге келісім беретіндерін, әрі бұл келісімдерде Ресей жақ геосаяси стратегиялық мүдделерді қамтамасыз ететіндерін білдірді.

Әскери техникалар форумы «Армия-2017» отырысында сөз алған, Дмитрий Шугаев сөзінде: «Ұзақ қашықтықтағы әуе қорғаныс жүйелерін тасымалдау тақырыбында Түркиямен келіссөздер жалғасын табуда», – деді.

Ал, Ресейдің мемлекеттік қару экспорты фирмасының басшысы Түркия жақпен S-400 қорғаныс жүйесін тасымалдау туралы келісімшарттардың жасалып болғанын, тек қол қойылуын күтіп тұрғандарын айтты.

“The Qazaq Times”