УЕФА чемпиондар лигасының 2016-2017 жылғы маусымының үздік ойыншыларының тізімі жарияланды.

УЕФА тұжырымы бойынша, өткен жылғы маусымда чемпиондар лигасы аясанда үздік қақпашы «Ювентус» футбол клубының ойыншысы Джанлуиджи Буффон болған. Ол «Ювентус» сапында 12 ойын өткізіп, 8 ойын қатарынан қақпасына доп жібермеген.

Үздік қорғаушы мен жартылай қорғаушы болып «Реал Мадрид» ФК ойыншылары Серхио Рамос пен Лука Модрич танылған. Рамос «Реал» құрамында 11 ойын өткізіп, 1 гол соғып, мыңнан астам минут алаңда болған. Лука Модрич өткен маусымда чемпиондар лигасы аясында 11 ойын өткізген және плей-офф кезеңінде үздік ойын көрсеткен.

Ал «Реал Мадрид» футбол клубының көшбасшысы португалиялық Криштиану Роналду өткен маусымның үздік шабуылшысы атағын жеңіп алды. Ол чемпиондар лигасында 11 ойын өткізіп, 12 гол соққан. Роналду есебіндегі 12 голдың 8-і жартылай финал мен финалда соғылған.

“The Qazaq Times”