Шешенстан президенті Рамзан Кадыров алты бірдей Қазақстан азаматын құтқарғанын мәлімдеді.

Ол өзінің Instagram парақшасында: «Біз Ирак Күрдстанында Ресей мен ТМД елдерінің азаматтарын құтқаруға байланысты тағы бір гуманитарлық операцияны аяқтадық. Бұл жолы біз Ирактың Таль-Афар қаласынан 12 адамды құтқардық. Олардың ішінде 6 қазақстандық, 6 ресейлік азамат бар» - деп жазған.

Рамзан Кадыровтың сөзінше, Ирак аумағында гуманитарлық операция өткізуге Ирак Күрдстаны арнайы қызметі мен Эрбилдегі Ресей консулдығы көмектескен.

“The Qazaq Times”