Корей түбегі мәселесінің шиеленісуіне байланысты Ресейдің әуе қорғаныс күштері және зымыранға қарсы жүйелері дайындық күйге келтірілді. Бұл туралы Ресей Думасының өкілі Виктор Озеров мәлімдеді деп хабарлайды «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты.

Мемлекеттік Думаның Қауіпсіздік және қорғаныс комитеті жағынан шешім қабылданып, Қиыр Шығыстағы әуе күштері мен зымыранға қарсы жүйелерді толықтай дайындық күйіне ауыстырды. Бұның себебі Солтүстік Кореяның Қиыр-Шығысқа зымыран шабуыл жасауынан сақтану үшін деп көрсетті.

Ресей Думасының өкілі Виктор Озеров: «Корей түбегіндегі дағдарыс Ресей аумағын қорғау үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге себеп болып отыр», – деді. Ресей Қиыр-Шығыстағы зымыран қорғаныс жүйелері, Аляска, Қытай, Солтүстік Корея зымырандарынан стратегиялық қорғануға бағытталған, біршама кемелді болған зымыран қорғаныс жүйесі саналады.

“The Qazaq Times”