Кеше тамыздың 11 күні Өзбекстанның «Пахтакор» футбол клубының әуе апатына ұшарағанына 38 жыл болды. 1979 жылы тамыздың 11-і күні «Пахтакор» ФК ойыншылары мінген Ту-154 ұшағы Украинаның Днепродзержинск қаласының маңында тағы бір Ту-134 ұшағымен соқтығысып апатқа ұшыраған болатын. Біз бүгін сол апаттың не себепті орын алғандығына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

1979 жылы 11-ші тамыз күні Ташкенттің «Пахтакор» футбол клубы минскілік (Белоруссия) «Динамо» ФК қонаққа баруы тиіс болған. Кеңестер одағының «Аэрофлот» әуе компаниясының Ту-154 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Ташкент әуе жайынан Минск қаласына аттанады. Бұдан 20 минут бұрын Челябинскіден Кишиневқа тағы бір Ту-134 ұшағы әуеге көтеріледі. Дәл осы уақытта Харьковск әуежайында Сергей Сергеевтің басқаруымен Владимир Сумской мен Николай Жуковсий диспечерлік қызметтерін қабылдап алады. Бірақ әлі күнге дейін неге Сергей Сергеевтің сол күні басқаруды Сумскойға емес, тәжірибесіз Жуковскийға бергендігі белгісіз болып келеді. Өйткені апатты зерттеудің ресми қорытындысы бойынша, дәл сол Николай Жуковскийдің салғырттығы салдарынан Ту-154 пен Ту-134 ұшақтары апатқа ұшыраған.

Фото: wikipedia.org

Тексеру барсында Жуковский Ту-154 пен Ту-134 ұшақтары әуеде бір нүктені 3 минут айырмашылығымен ұшып өтеді деп есептеген. Алайда олардың еншісінде тек 60 секунт ғана уақыт болған. Сол уақытта бұл қателікті байқаған Сумской ұшақтардың біріне жоғары ұшуын сұрап хабарлама жібереді. Бірақ бұл хабарламаны Ту-154 пен Ту-134 ұшақтары емес, мүлде басқа бағытта ұшып бара жатқан Ил-62 ұшағы қабылдағандығы анықталған.

Ресми тексерулердің қорытындысы бойынша, кеңестер одағының соты апатқа Харьковск әуежайының диспечерлерінің салғырттығы себепші болды деген шешім шығарып, Сумской мен Жуковскийді 15 жылға соттаған. Сергей Сергеев бұл іс бойынша мүлде қарастырылмаған. Сумской 15 жылдың 6 жылы өткенде жақсы тәртібі үшін бостандыққа шыққан. Ал Жуковский түрмеде өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған.

Фото: РИА Новости.

Бірақ сол уақытта апаттың не себептен болғандығына байланысты ресми мәлімдемеден бөлек, бейресми де ақпараттар халық арасында кеңінен таралып кеткен. Солардың бірі Ту-154 пен Ту-134 ұшақтарының бір уақытта 8400 метр биіктікте ұшуының басты себебі, Леонид Брежневтің Қырымға баруы үшін 10 мың метр биіктікте өзге ұшақтарға ұшуына тыйым салынуы. Бірақ ол уақытта кеңестер одағын дүр сілкіндірген апатқа Брежневтің қатысы бар деп айту өз-өзіңді өлімге қиумен тең болған.

“The Qazaq Times”