Түркия Сыртқы істер министрі АҚШ пен Ресей арасындағы дауға араласты. Олар АҚШ-тың Ресейге бағытталған жаңа санкция шараларына Түркия жақтың қарсы екенін білдірді. Бұл туралы сол елдің ең үлкен ақпараттық агенттігі «Анатолы»-ның ресми сайты жазды.

Түркия СІМ басшысы Мавлүт Чавушоғлұ мәлімдеме жасап, Ресей қаратылған санкция шараларына қарсылығын білдірді. Ол Ресейге бағытталған шаралардың Түркия экономикасына кері әсерін тигізетіндігін алға тартты. Ол сөзінде: «Түркия осыдан бұрын Ресей бағытталған шектеу шараларынан айтарлықтай зиянға тап болды. Көрші және одақтасымыз болған Ресейге қарсы шара қолдану біздің экономикамызға зиян тигізеді. Сондықтан біз Ресейге қарсы шараларды қолдамаймыз», – деді.

Осылайша Батыс елдерімен қарым қатынасы салқындаған түрік елінің тұғыры өз айналасындағы елдермен одақтастықты барынша сақтауға ойысып келеді. Араб елдері және Ресей, Иран, түркі тілдес елдерімен болған саяси ынтымақтастықты барынша тереңдетуді көзде ұстап отыр. Түрік елінің министрі сөзінде: «Біз бұдан кейін де Ресейге қарсы шара қолдануға қатыспаймыз. Біз өңірдегі саяси ынтымақты таңдаймыз», – деп Ресейге болысты.

Қара теңіз арқылы көршілес жатқан Түрік елі мен Ресей экономикасы жан-жақтан бір-біріне байлаулы. 2015 жылы Ресей мен Түркия арасындағы салқын қабақ кірбеңдіктен оңбай ұтылған Ердоған, ендігі жерде орыс көршісінің ұпайын түгендей жүруді де ескерсе керек.

“The Qazaq Times”