Биыл футбол әлемінде бір ғана Неймардың Барселонадан ПСЖ-ға ауысуы елді елең еткізді. Ал осы жылғы пікірталас "Футбол маусымы қалай басталады? Несімен қуантады? Кімдер чемпион болады? «Алтын доп» кімге бұйырады немесе тағыда екі Инагалактиканның (Роналдо, Месси) қайсына бұйырады?" деген сұрақтар төңірегінде деп ойласаңыз қателесесіз. Мұндай пікірталасты эфирден көреріңіз анық. Ал ауылдағы ой мүлдем басқаша. Мүмкін осыған байланысты да ауылмен қаланың айырмашылығы бар болар. Бірақ біраз жүрсеңіз қала да ауыл секілді болып кетеді-ау шамасы.

Былай қарасаңыз әңгіменің қарапайым болып өзекті түс алуы, оның басталуы мен жалғасу барысы адамға байланысты. Әрине ол соғұрлым бір мәселені көтеріп терең қазбаламаса да, ауылдағы жандар мейлінше шама шарқына қарай, жаңалықтардан  болмаса ғаламтор беттерінен көрген білгенін ортаға салып өздерінше талқылап тастайды. Дәл осы күндегі әдет болып қалған жағдай футбол төңірегіндегі әңгіме бастала қалса сөз басы «Барселона» не «Реал Мадрид» клубтары немесе Роналдо мен  Мессиден жалғасады. Енді олардың қатарына Неймар қосылды. Бұл дегеніңіз мына екі клубпен бірге «ПСЖ»-да қатарласа түскенінің айқын көрінісі болар, бәлкім. Осы футболшыларсыз, осы клубтарсыз әлем футболы бос кеңістік болып қаңырап қалатын сияқты. Осы мәселе күшейіп келеді қазір.

Француздар қалтасындағы қомақты қаржыны жұмсап Неймарды приждіктер сапына қосу мақсаты арқылы Еуропа чемпионаты болуды көздегені белгілі. Өйткені өткен маусымда Барселонадан ойсырай жеңілгеннен соң Клуб иелерін былай қойған күннің өзінде Уайн Емери өзін өзі әлі күнге кешіре алмай жүрген болар.  Ал ойындағы есепті еске алудың өзі ұят. Осылай болған күннің өзінде де,басшылық штабы демін ішіне жұтып, бапкерден сенімін үзбей отыр әзірге. Жұмыс істеуіне де еркін жағдай жасап жатыр.Тілегін орындап аспандағы айды да (Неймарға қатысты) алып берді. Мұндай жағдайды біз бірнеше грант клубтардан көре алмаймыз. Егер «ПСЖ» орнында «Челси» немесе «Реал» клубтары болған күнде, мына жағдайда бапкердің клубта қалуы екі талай еді. Себебі қазіргі кезде кешегі шуақты күндерін аңсап жүрген «МЮ»-дің жетістіктерінің баршасын сер Алекстің арқасында деп біледі. Алайда бұл дұрыс емес сияқты. Әлбетте, Фергюссон бұл клуб тарихында кескін бұрылыс жасаған тұлға, бірақ бапкерге осы мүмкіндіктерді сыйлап, кездейсоқ жеңілістер кезінде ашумен клубқа басқа бапкер алып келмей сенім білдіріп, ауыр күнде де қолдап тұрған МЮ-дың басшылық ұжымын ұмытпаған жөн. МЮ-дан «Реал Мадрид» , «Челси» клубтарының айырмашылығы осы тұста белгілі болса керек.

«Реал» клубы секілді лондондықтардың тарихы неғұрлым айтарлықтай бай емес шығар, дегенмен оларды  Мадриттіктер ізімен жүріп адам еткен сөзсіз Роман Абрамович. Ресейлік бұл миллиардер клубты сатып алғалы шын мәнінде бапкері. «Реал»-да осы кебінді кигелі біршама уақыт болған. Қос клуб басшылары бапкерлерді қолғаптай ауыстырудан жалықпайтын тәуекелшіл кісілер. Кейде бұл тірлігіде өз сенімін ақтайды. Бұл жағдай футболшылар психологиясынада әсер етпей қоймаса керек. Бірақ ақшасын төлеп жағдайын жасап қойған соң ойыншылардың да тілі қысқарып не айтса соған көніп кете береді-ау. Егер Зидан бұл маусымда ешқандай нәтиже көрсете алмаса, клубта қалуына кім кепілдік береді?! Өйткені бұрынғы  итальялық бапкер Анчелоттиді де орнында қалады деп тұрған кездің өзінде ауыстырғаны әлі ұмытыла қойған жоқ.

Бір қызығы экраннан Перес пен Абрамовичті көрсек бірден танимыз. Бірақ «МЮ» немесе «ПСЖ» клуб басшыларын онша біле бермейміз. Көрсек те танымайтын шығармыз. Себебі ол басшылар, өз мойнына БАПКЕРЛІК жауапкершілігін алмағаннан болар.

«ПСЖ»-да кезінде Лоран Бланға сенді, мүмкіндік бермеді емес, берген. Блан қалай жасаса да онысынан еш нәтиже болмады. Париждіктер музейінде  мемлекет біріншілігі кубогының көбейіп кеткендігі соншалықты Чемпиондар лигасы кубогына арналған орындарды иелеп жатқандығы үшін де осы шешімге келуге мәжбүр болды олар.  Лоран Бланда өзінің қолынан келмегенін түсінді ме, әйтеуір, клубтан үнсіз кетті. Тарих беттерінде өз клубының атын өшпестей етіп жаздыру мақсатында Испандық бапкер келді. Алғашында бәйгеге қосқан қара құландай шауып келе жатқан, соңына аз қалған шақта абайсызда жазым болғанына кімді кіналайміз?

Жалпы коментатор жеткізген аз мәліметтерден ауыл жанкүйерлері өздерінше осылай пікірлеседі. Бір жағы нысанаға дәл тимесе де, ақиқатқа жақын фактіні келтіреді. Ал мұндай болжам жасау анау-мынау деген жоғары дәрежедегі футбол төңірегіндегі кісілердің қолынан келе бермейтін сияқты.

Нұрғиса Камалбек

“The Qazaq Times”