Оңтүстік америкалық қансорғыш-жарғанаттардың құрбандары – құстар, оның ішінде үй құстары. Алайда ғалымдар  жақында ғана олардың бір бөлігінің адам қанымен қоректенетінін анықтады.   

Аталмыш қансорғыш-жарғанаттар адамзат үшін аса қауіпті. Бүгінгі таңда Орталық және Оңтүстік Америкада мекендейтін үш қансорғыш анықталған.  Олар құстың да, адамның да қанымен қоректенеді. Ал, солтүстік Бразилиядағы 20 грамм салмақтағы Diphylla ecaudata қансорғыштары ғана  адам қанына құмартпайды екен. Бұл туралы «Acta Chiropterologica» Польша ғылым академиясының зоолог маманы Энрико Бернард  пен оның әріптестері мәлімдеді.

Шындығына келгенде, сүтқоректілер үшін қорек түрін үлкейту оңай емес, оларға бейміделу де өте күрделі. Себебі, олардың қанында құстармен салыстырғанда сұйықтық пен май аз, ал ақуызды компоненттер көп. Тоймай қалғанда,  яғни құстың қаны аздық еткенде, олар шошқа мен ешкінің қанын қорек етеді.

Ғалымдар солтүстік Бразилияның тропикалық, жапырақты, орман алқаптарында     D. ecaudata  аталатын қансорғыш түрлеріне тәжірибе жасады. ДНК нәтижесінде олардың қанында  аралас гендердің бар екені анықталды. Бұл дегеніңіз олардың қорек түрлерінің де араласқанын білдіреді.

Демек, ғалымдардың алдында тағы бір міндет бар.  D. Ecaudata қансорғышының асқазан-ішек жолдарында тағы нендей өзгерістер байқалатындығын анықтау. Ол үшін адам қанын жеткілікті мөлшерде қорек етуіне  мүмкіндік беру керек.

Жарғанаттар қауіпті әрі жұқпалы вирустарды жылдам және оңай  тасымалдайтыны белгілі.  Бұл алаңдатарлық жағдай.

 Гүлім Рысқұл

"The Qazaq Times"