«Қазақстан темір жолы» және «Эйр Астана» Ұлттық компаниялары жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму Алик Айдарбаев мәлімдеді. 

"Көптеген елдерде жолаушылар тасымалымен қоса жүк тасымалымен де айналысатын компаниялар жұмыс істейді. Осы күнге дейін Қазақстанда мұндай компания болмаған. Енді ҚТЖ мен "Эйр Астана" бірігіп осындай компания құрады. Бұл жаңа компания, сондықтан ҚТЖ осы бағытта жұмыс істейтін серіктес іздеп жатыр", - деді Алик Айдарбаев.

Жоспар бойынша, компания осы жылдың соңына дейін құрылады және бірінші кезеңде екі әуе кемесі жұмыс істейді.

"Болашақта осы компания дамыту стратегиясы бойынша жүк тасымалы нарығында лайықты орынға ие болады деп ойлаймыз. Тіпті импорт компанияларды алмастыратын элемент болуы мүмкін. Себебі қазіргі кезде жүк тасымалдары шетелдік компаниялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни стратегия отандық жүк тасымалдау нарығын дамытуға бағытталған", - деді ол.

“The Qazaq Times”