Ауғаныстанның Герат провинциясындағы мешіт маңында террорлық акт орын алды. Әл-Жазира телеарнасының хабарлауынша, екі джихадшы мешіттің алдына келіп, жанкештілердің бірі жарылғыш заттар орнатылған киімді киіп, өзін жарып жіберген. 

Ауғаныстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Наджиб Даниш ақпаратты растап, APF ақпараттық агенттігіне жолдаған хабарламасында: "Гераттағы мешіт қақпасының алдында жарылыс болды", - деп мәлімдеген.

Аталған қайғылы оқиға салдарынан  30 адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Террорлық актіні жасаған екі джихадшы да оқиға орнында көз жұмды. Осыдан бұрын, Кабулдағы Ирак елшілігінің алдында террорист өзін-өзі жарып, 2 адам мерт болған еді. Ол кезде террактіні "Ислам мемлекеті лаңкестік ұйымы өз мойындарына алған. Бұл жолғы жарылыстың ұйымдастырушылары әлі белгілі болған жоқ.

“The Qazaq Times”