Алматыда көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы аясында Шевченко және Құрманғазы көшелерінде көлік қозғалысы бір бағытты болады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Шевченко көшесінің бойында Достық даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі аумақта трамвай рельстері алынып тасталған соң жолдар орташа ағымдағы жөндеуден өтеді және бастыс бағытқа қарай көліктің біржақты қозғалысы ұйымдастырылады, сонымен қатар оңтүстік жағынан Қонаев көшесінен Жароков көшесіне дейін екіжақты веложол салынады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Құрманғазы көшесі бойында Мұқанов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған соң шығыс бағытта бір бағыттағы көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Әкімдіктің мәліметінше, биылғы жылдың қыркүйек айында көлік қозғалыстарын осылайша ұйымдастыру кедергі нүктелерді қысқартады, аталған көшелерде апатты жағдайлардың алдын алып, Абай даңғылындағы көлік қозғалысының салмағын 15%-ға дейін қысқартады.

№112 бағыттағы автобус шығысқа қарай, Жароков көшесінен Абай даңғылы және Мұқанов көшесі бойымен Құрманғазыдан шығады.

“The Qazaq Times”