Қазақтың жаңа әліпбиі осы жылдың соңында дайын болады деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

«Биыл біз барлығына ыңғайлы болатын әліпбиді жасап шығуға тиіспіз. Ол үшін бізге латын әліпбиіне өтудің бірнеше үлгісін жасап, оларды талқылаудан өткізгеннен кейін латын әліпбиіне өтудің жоспарын құру керек. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс істейтін арнайы комиссия құрылған. Ол өз жұмысын бастапта кетті» - деді журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Ерлан Сағадиев.

Естеріңізге салайық, бұған дейін маусым айында Астанада өткен дүниежүзі қазақтары құрылтайында Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшуді жылдамдату керектігін айтқан болатын.

“The Qazaq Times”