Түркия әскерилері Катар аумағына 28 сарбаздан жасақталған артиллериясын кіргізді деп хабарлайды Түркия Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 28 адамнан жасақталған артиллерия Катар мен Түркия қарулы күштерінің бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарына қатысу үшін Доха қаласына жіберілген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Катар Араб әлемімен арадағы барлық дипломатиялық қарым-қатынасын үзегеннен кейін, маусымның 19 күні Түркиямен бірігіп әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізген болатын.

“The Qazaq Times”