АҚШ әскери теңіз флоты Парсы шығанағында LaWS лазерлі қаруын сынақтан өткізді деп хабарлайды CNN телеарнасы.

CNN арнасының мәліметінше, LaWS лазер құрылғы USS Ponce көлік-догында орналасқан. LaWS лазері жарық жылдамдығындай жылдамжықпен нысананы атып түсіруге қауқарлы. Ол құрлықаралық баллистикалық зымыраннан 50 есе жылдам және оған желдің соғу бағыты, жауын, қар, ауа райының қолайсыздығы әсер етпейді.

«LaWS лазері қарапайым оқпен салыстырғанда нысанаға екі есе дәл тиеді және ол жер бетіндегі, су үстіндегі, су астындағы нысандарды атып түсіруге қауқарлы» - деді USS Ponce көлік-догінің капитаны Кристофер Уэлс журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

“The Qazaq Times”