Ресей билігі Нэмуро қаласының мэрі Сюнсукэ Хасэгаву бастаған жапон делегациясына Оңтүстік Курил аралдарына кіруге тыйым салды. Қала басшысы бұл туралы жоспарланған іссапарынан бір күн бұрын ғана  білген деп жазады The Japan Times.

Басылымның мәліметінше, Жапонияның Украина мәселесіне қатысты Ресейге салған санкциясы, жапон делегациясының аралдарға кіруіне тыйым салуға басты себеп болған. Дегенмен Ресейдің Сыртқы істер министрлігі бұл жөнінде әлі арнайы мәлімдеме жасаған жоқ.

Атап өту керек, Курил аралдарына қатысты территориалды дау Ресей мен Жапонияның арасында әлі де шешімін таба алмай келеді. Жапония оңтүстікте орналасқан Итуруп, Кунашир, Шикотан және  Хабомаи аралдарын өздерінің тарихи тиесілі жері санайды. Ал Ресей  Кеңес Одағы бұл аумақты Жапонияның Екінші Дүниежүзілік соғыстағы жеңілісінен кейін заңды түрде алған деген тұжырымды алға тартады.

“The Qazaq Times”