2016 жылы білім беру ұйымдарының кірісі 1,7 трлн теңгеден асқан. 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1,4 трлн теңге) көрсеткіш 21,4%-ға жоғары.

Статиситка комитетінің мәліметінше, негізгі және орта білім беру қызметінің үлесі жалпы кірістің 49,3 пайызын құрады. Жоғарғы білім беру орындарынікі 18,1 пайыз, мектепке дейінгі білім беру орындарының үлесі - 12,5 пайыз.

Дегенмен бұл ұйымдардың шығыны кіріспен бірдей. 2016 жылы шығын 1,7 трлн теңге болған. Шығынның көпшілігі, шамамен 1,1 трлн теңге (67,1 пайыз) жұмыс күшіне жұмсалған. Қызмет көрсетуге кеткен шығын 215,6 млрд теңгені (12,7 пайыз), басқа шығындар 176,3 млрд теңгені (10,3 пайыз) құраған.

Айта кетейік, осы жылдың қаңтар-наурыз айында Қазақстанның жоғарғы оқу орындарынан түскен салық көлемі 10,5 пайызға артқан. Комитеттің мәліметіне сенсек, 2017 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық ЖОО-лар 5,1 млрд теңге салық төлеген. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 486 млн теңгеге артық.

“The Qazaq Times”