Түркия билігі «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен қатысы бар деген күдікпен 2 мыңға жуық Қазақстан азаматына ел аумағына кіруге тыйым салды.

Түркия Ішкі істер министрлігінің лаңкестікке қарсы бөлімінің тексерісі барысында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қатысы бар 57 781 адам анықталған. Олардың басым көпшілігі Тунис, Сауд Арабиясы, Қазақстан, Франция, Ресей елдерінің азаматтары.

Осыған байланысты Сауд Арабиясының 7523, Тунистің 4605, Ресейдің 2651, Тәжікстанның 2622, Францияның 2085, Ирактың 1914, Қазақстанның 1677, Әзербайжанның 1519 және 22 226 өзгеде елдердің азаматтарына Түркия аумағына кіруге тыйым салынған.

“The Qazaq Times”