You Tube әлеуметтік желісінің даму тарихы бейнеленген видео жарияланды.

Бейнероликте You Tube желісінің 2005 жылы ақпан айында құрылған сәтінен бастап осы күнге дейінгі даму эволюциясы көрсетілген.

Ролик 2 минутқа созылған. Осы 2 минут ішінде автор You Tube әлеуметтік желісінде болған барлық өзгерістерді көрсеткен.

You Tube видеохостингі 2005 жылы АҚШ-тың Калифорния шататында құрылған. Видеохостингті PayPal компаниясының бұрынғы үш жұмысшысы жасап шығарған. Олар You Tube құрастыру үшін Flash Video бағдарламасын пайдаланған. Alexa статистика компаниясының зерттеулері бойынша, You Tube танымалдылығы жағынан MySpace әлеуметтік желісін басып озған.

2006 жылы You Tube видеохостингін Google компаниясы 1,6 миллиард долларға сатып алады. You Tube-қа ең алғашқы 18 секунттық видео 2005 жылдың 23 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20:27 салынған. Оны осы уақытқа дейін 40 166 317 адам көрген. Осы уақытта дейін You Tube-қа салынған видеолардың ішінде ең ұзағы 596 сағатты құрайды.

“The Qazaq Times”