Америкалық Tesla компаниясының негізін салушы Илон Маск өзінің твиттер парақшасында жаңадан құрастырылған Tesla Model 3 көлігінің суретін жариялады. 

Tesla Model 3  - Илон Масктың электромобиль жобасының жалпы қолданысқа арналған түрі. Аталған көліктер алғашқы 30 тұтынушысының қолына 28 шілдеде тиеді деп жоспарланған.

Көліктің белгіленген бағасы - 35 мың АҚШ доллары. Атап өту керек, бұл компанияның мұның алдында нарыққа шығарған электромобильдерінің бағасынан екі есе арзан.

 “The Qazaq Times”