Германия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, мемлекет жуық арада Сүрия мен Ирактан 300 мың босқын қабылдайды.

Мұндай болжамды көрсеткіш отбасы мүшелерінің бірігуі мақсатында елге келуге ниетті адамдардың визаға тапсырған құжаттары негізінде жасалған.

Die Welt басылымы : "300 мыңға жуық босқындар Германиядағы өз туыстарын көру үшін кезек күтуде" деп жазады.

Билік өкілдерінің мәліметінше, Германияға пана іздеп келетін өтінім берушілердің арасында Сүрия мен Ирак азаматтары көп.

 “The Qazaq Times”