Қазақстандық гимнаст Сабина Әшірбаева әлем кубогында күміс медаль алды.

Шілденің 7 мен 9 күндері Германия астанасы Берлин қаласында өткен әлем кубогінде 18 жастағы Сабина Әшірбаева 16.850 ұпаймен күміс жүлде жеңіп алды. Ал бірінші орынды 17.450 ұпаймен ресейлік Екатерина Селезнева алса, үшінші орынға 16.450 ұпаймен Белорусь қызы Катерина Галкина табан тіреді.

Бұған дейін Сабина Әшірбаева маусымның 24-25 күндері Астанада өткен Азия чемпионатында үш алтын, бір қола жеңіп алған болатын.

 “The Qazaq Times”