Еуроодақ  "Brexit" жобасын тоқтатқан жағдайда, Ұлыбританияны қолдауға дайын. Бұл туралы Германияның Қаржы министрі Вольфганг Шойбле мен Халықаралық Валюта қорының директоры Кристин Лагард мәлімдеді", - деп хабарлайды Рейтер агенттігі аталған тұлғаларға сілтеме жасап.

Вольфганг Шойбле өзінің Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы шешімін өзгертуге қатысты кеңес бергені дұрыс еместігін, бірақ аталған мемлекет ұйымда қалуға шешім қабылдаса, "Brexit" идеясынан кейін де, Еуроодақтың есігі Англияға әрдайым  ашық болады деген ой білдірді.

Өз кезегінде Кристин Лагард: " "Brexit" Ұлыбритания мен Еуроодақ арасындағы байланыстарды біржола үзбеуі керек.  Екі ортадағы жылдар бойы қалыптасқан саяси, экономикалық, дипломатиялық қарым-қатынастар ары қарай да жалғасын тапқаны жөн. Әлемдегі көлемді әрі күрделі мәселелерді шешу  дәл сондай үлкен және барынша көп елдердің қатысуын талап етеді", - деді.

“The Qazaq Times”