Германия канцлері Ангела Меркель G20 саммиті кезінде АҚШ басшысы Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасында делдал болмаймын деп мәлімдеді журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Германия басшысы Ангела Меркель G20 саммиті қарсаңында журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Біздің мақсат G20 саммиті кезінде Ресей мен АҚШ арасында делдал болу емес, керсінше екі ел арасын жақындастыру үшін өз үлесімізді қосу» - деді.

Меркель бұл мәлімдемені G20 саммиті алдында Польшада АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей тарапына қатты-қатты сын айтқаннан кейін жасаған болатын.

Бұдан бөлек Ангела Меркель G20 саммиті аясында Сүрия дағдарысы бойынша да бірқатар келісімдер болатынына үміттенетінін және Мәскеу мен Киев арасын жақындастыру үшін Германия тарапынан нақты қадамдар жасалатынын айтты.

G20 саммиті аясында шілденің 8 күні Ресей президенті Владимир Путин, Франция басшысы Эммануель Макрон және Германия канцлері Ангела Меркель арасында кездесу болады деп күтілуде.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ангела Меркель саммит басталмай тұрып жергілікті отельдерідің бірінде 45 минуттық кездесу өткізбек.

“The Qazaq Times”