Германияның Гамбург қаласында G20 саммиті қарсаңында шілденің 6-нан 7-не қараған түні ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс болды деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.

G20 саммиті қарсаңында ұйымдастырылған шеру шілденің 6 күні түнге қарай жергілікті полициямен қақтығысқа ұласып, салдарынан 76 полиция қызметкері зардап шеккен. Ал ереуілшілер тарапынан қанша адам жарақаттанғаны жайында әзірге белгісіз.

G20 саммиті Гамбург қаласында бүгін басталады. Саммит кезінде қала тыныштығын 20 мыңнан астам полиция қызметкерлері қамтамасыз етпек.

“The Qazaq Times”