Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің баспасөз қызметі 8 қаңтар ресми мәлімдеме жариялап, КХДР-ның құрлықаралық басқарылмалы зымырандар сынағы  соңғы кезеңге өткендігін айтты. Бұл туралы "Шинхуаның" ресми сайты хабарлайды.

Бұл Солтүстік Кореяның кез-келген уақытта құрлықаралық балисстикалық зымырандарды атуға дайын екенін көрсетеді. Корей СІМ-ның мәлімдемешісі журналистердің сұрағына жауап бергенде, «Солтүстік Кореяның бұл жетістігі АҚШ-тың неше он жылдан бергі Солтүстік Кореяның саяси ұстанымына, жоғары билігіне қаратқан дұшпандық саясатына қарсы жауабы» дегенді ашық айтты. Ол және: «Еліміз сырттан жасалған қатаң санкцияларға қарамастан, өзін-өзі қорғау қабілетін нығайту мақсатында, өлшемге толымды сутегі бомбалары мен ядролық оқтұмсықтарды дербес зерттеп жасады, алда құрлықаралық басқарылмалы зымырандарды ары қарай дамыта түседі» деді.

Құрлықаралық басқарылмалы зымыран. Фото: The Economic Times

Бұл мәлімдеме – Шығыс Азияда алдағы уақытта орнайтын халықаралық қайшылықтардың дабылы. АҚШ пен оны жақтаушы елдер үшін барған сайын күшейіп келе жатқан ядролық соғыс қаупі ретінде елестейді. Ендігі жерде АҚШ Солтүстік Кореяға жарияланатын санкцияларды тіпті қатаңдатуға тырысады. Тіпті, осы үшін өзіне жақтасушы елдерді көбейтеді. Елдің  жоғары басшысы Ким Чанын жаңа жыл қарсаңында сөйлеген сөзінде «бір ғана АҚШ-тан келетін ядролық және басқада қауіптер үшін, ядролық қаруларды зерттеп-жасау және жыл сайынғы әскери оқу-жаттығуларды  тоқтатпаймыз. Мемлекет қорғанысы мен ядролық шабуылға қабілетті ел болу үшін бұл істі үздіксіз жалғастырамыз» деген болатын.

Еске сала кетейік, КХДР өткен жылы 6 қаңтардан 9 қыркүйек аралығында ядролық сынақтар мен құрлық аралық басқарылмалы зымрандар ату сынақтарын жасаған . БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі №2270 және №2321 Қаулылар арқылы ресми Пьхенянның бұл ісін қатаң айыптаған. Солтүстік Кореяның ядролық сынақтары мен құрлықаралық басқарылмалы ракеталарды дамытуға қарсы санкциялар жариялаған.

"The Qazaq Times"