Дамушы нарық пен болашағынан зор үміт күттіретін стартап жобаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын Seedstars World байқауы биыл Қазақстанға екінші рет келеді.

Әлемнің 70 елінде саяхаттап, ең үздік жобаларды анықтап, олардың жүзеге асуы үшін инвесторлар мен кеңесші мамандар табуға көмектесетін Seedstars World байқауы осы уақытқа дейін 61 млн доллар  инвестиция тартып, әлемнің әр бөлігінде 800-ге жуық адамды жұмыспен қамтыған.

Seedstars World - ірі инвесторлар мен жас кәсіпкерлердің арасында байланыс орнататын алаң.  Қаржы, жарнама, медиа, саяхат, өзге де ғаламтор технологияларымен байланысты салаларға баса назар аударады.

Қазақстаннан 10 үздік идея  авторлары 8-шілдеде Астана қаласында арнайы құрылған әділ-қазылардың алдында өз жобаларын қорғайды. Жеңімпаз атанған адам байқаудың Швейцарияда өтетін ақтық сынына тегін жолдама алып,   1 млн доллар көлемінде қаржыға қол жеткізу үшін бағын сынайды.

“The Qazaq Times”