«Астана ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға 20 күнде жарты миллионнан астам адам келді. 2017 жылдың 29 маусымында кешкісін Халықаралық мамандандырылған көрменің 500 000-шы келушісі тіркелді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АК-ның баспасөз қызметі. 

ЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы аптасында күнделікті қонақ саны орташа 22 840 адамды құрады. Ал 29 маусымда келушілердің саны 36 000-нан асты.

Бұған дейін алғашқы болжамдарға сүйене отырып, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің көрермендерінің саны 2 000 000, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 000 000 болады деп хабарланған болатын.

“The Qazaq Times”