АҚШ президенті Дональд Трамп пен Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея мәселесі жайында сөйлесті.

«Қазір ғана Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен өте жақсы кездесу болды. Көптеген мәселелер бойынша сөз қозғадық оның ішінде Солтүстік Корея мәселесі мен сауда келісімі жайында да әңгімелестік.» - деді Дональд Трамп өзінің твиттер парақшасында.

Естеріңізге салайық бұған дейін Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин АҚШ басшысымен КХДР ядролық қаруы жайында келіссөздер жүргізетінін мәлімдеген болатын.

“The Qazaq Times”