Ұлттық бірыңғай тестілеуге (2-лек) 23339 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 22036 (94,4%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде -15663, орыс тілінде - 6373 адам. ҰБТ 63 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді, деп хабарлайды БҒМ-нің баспасөз қызметі.

Тәртіп бұзғаны үшін 4 адам аудиторияларынан шығарылды, ал олардың жауаптары жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде 10595 тыйым салынған заттар алынды. Орташа балл - 78,23.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 - қазақ тілінде және 23618 - орыс тілінде.

 “The Qazaq Times”