Қазақстан Қытайға газ жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол қойды. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. 

Осылайша 2017 жылдың күзінен бастап Қазақстан Қытай еліне көгілдір отын тасымалын бастауы мүмкін.

"Қытай Халық Республикасымен күз айларынан бастап газ жеткізуге қатысты алдын ала келісім бар. Біздің болжауымызша, бұл процесс үнемі болып отыруы мүмкін, яғни біз тасымалды әртараптандырамыз", - деді министр.

Оның сөзінше, Қытай Қазақстан үшін газ тасымалдауға болатын ең қолайлы ел, себебі бұл елде қуатты трубажелілер салынған.

“The Qazaq Times”