АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде «АҚШ үкіметі бейбіт түрде Вашингтонға көмектесе алатын Ирандағы адамдарына қолдау көрсетеді» деген болатын. Бұл соңғы бірнеше күнде орын алған АҚШ пен Иранның шиеленісіне негізгі себеп болды. Иран жақ бұл сөз ашық арандату деп айыптап, Иранның халықтық және қуатты жүйесінің алдындағы шарасыздығын дәлелдейді деп көрсетті. Бұл туралы Иранның «Парс.Ақпарат» агенттігі сайтында хабарлаған болатын.

Иран жақ Тиллерсонның сөзін ирандық түрлі топтар арасында қабылданбайтынына анық сеніп отыр. Сонымен бірге АҚШ-тың мақсаты Ислам революциясы арқылы құрылған ИИР билігін құлатуға тырысып отыр деп айыптады. Иранның ресми мәліметінде: «АҚШ-тың Ислам революциясына қарсы мақсаттарының бірі – Ислам Республикасы жүйесін әртүрлі тәсілдер арқылы құлату. Алайда, америкалықтардың Иранның ішкі жағдайын талдаудағы қабілетсіздігі оларды қауқарсыз етіп отыр», – делінген.

Иран жақ АҚШ-ты ИИР-ның ішкі ісіне араласты деп жазғыруда. Алайда, АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөзінен де Иранға қаратқан жаулық позициясы анық аңғарылады. Трамп таққа отырғаннан кейін АҚШ-тың Орта-Шығыстағы саясатында оңды өзгерістер болады деп күткен әлемнің үміті селге кетті. Орта-Шығыста Иранды оқшаулау саясатын жүзеге асыру Трамп үкіметінің басты мақсаттарының біріне айналып отыр. Өңірдегі Иранның ықпалын әлсірету үшін жасалған қадамдардың бірі Катар дағдарысы болды деуге негіз бар. Терроризмге қарсы күрес туын көтерген «террористтер» әлемде әлі де шахмат ойнап отырғаны белгілі.

“The Qazaq Times”