Жерді химияландырудың тарихи төменгі көрсеткіші және еліміздің табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, органикалық өнімді өндіруге ауысу –  Қазақстанды әлемдік нарықта көшбасшылық орынға шығара алады.  Бұл сегментте ауыл шаруашылығының салалық потенциалынан алып қарағанда да бізге оңды жақтарын көре аламыз.

Елбасы өзінің «Қазақсатанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында, еліміздің агроөнеркәсіп кешені алдында бірқатар тапсырмалар қойды. Оның ішінде аграрлық экспорттық өнім өндіру, әсіресе, экологиялық таза азық-түлік өндіру бойынша әлемдегі ең ірі өндіруші ел болу керектігін баса айтты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде салалық ассоциациялар мен одақтар және ауыл шаруашылығы өндірушілері, ғалымдар, халықаралық кеңесшілер кіретін арнайы жұмыс тобы құрылды. Қазіргі күні органикалық өнім өндіруді дамытудың кешенді жоспары зерттелуде.

Жоспар өндірістегі мемлекеттік ынталандыру шарасын, инфрақұрылым мен ұлттық сертификация жүйесін және органикалық өнім өндіруді растауды, ғылыми, кадрлық, ақпараттық сүйемелдеуді енгізетін болады.

Бүгіннің өзінде органикалық өнім 300 мың гектардан артық алқапта өндіріледі. Негізінен дәнді-дақыл, зәйтүн, бұршақ, жемшөптік дақыл және дәрілік шөптер өндіріледі.

Бүгінгі күні, Қытай және Парсы шығанағы елдері нарықта органикалық өнім өндіру бойынша алдыңғы қатарда.

“The Qazaq Times”