2016 жылдың желтоқсан айында АҚШ-та президент сайлауы өтті. Нәтижесінде Дональд Трампты Ақүйдегі президент кеңсесіне кіргізді. Бұл бір Құрама Штат ғана емес әлемдегі бірқанша елдердің сыртқы саясатына әсер еткені анық. Айталық, Ресей, Қытай, Жапония, Оңтүстік және Солтүстік Кореямен қатар Еуропа елдері Трамптың келуіне байланысты АҚШ-пен арадағы сыртқы саясаттарына бірқатар өзгерістер енгізді. Өткен жылдың жыл қортындысын жасаған Трамптың президент болуы, қаңтар айынан бастап әлем елдерін саясатын дүбірге ұластырды.  

2017 жылын әлемдік БАҚ «сайлау жылы» деп атауға үйреніп қалды. Себебі, биыл әлемнің 23 елінде президенттік сайлау болмақ. Алайда, 2012 жылдағы 58 елдегі үкіметтік және парламенттік сайлаулардың рекордына жетпеді. Биыл көп елдерде президенттік сайлаулар болғалы тұр. Осыған дейін АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Иран қатарлы елдерде президент сайлауы болып өтті.

ҒБИ* Құрлық Елдердің атауы Сайлау уақыты
106                                          Азия құрлығы Түркменстан  12 ақпан
56 Тимор-Лесте Наурыз
133 Иран 19 мамыр
50 Моңғолия Маусым
53 Оңт. Корея Мамырда өтті
141 Үндістан 25 шілде
20 Сингапур Тамыз
124 Қырғызстан Қазан
159  

Африка құрлығы

Сомали 27 наурыз
131 Кения 8 тамыз
98 Ангола Тамыз
128 Руанда Тамыз
72 Либерия 10 қазан
76 Латын Америка құрлығы Эквадор 19 ақпан
27 Чили 19 қараша
111 Гондурас Қараша
16  

Еуропа құрлығы

 

Германия 19 тамыз
46 Франция 23 сәуір
48 Сербия Мамыр
19 Мажарстан Мамыр
54 Албания Маусым
10 Словения Қараша

*Ғаламдық бейбітшілік индексі бойынша реті (2016). Алдағы уақытта болатын Үндістан, Германия, Сербия, Словения қатарлы елдердегі сайлау осы елдермен қоса, олармен дипломатиялық байланыс орнатып отырған елдердің сыртқы саясаттарына әсер ететіні анық. Бұлардың арасында Германия 12 ақпан деп жоспарланған сайлауды жарты жыл кешіктіріп өткізуді ұйғарды.

Осыған дейін болып өткен елеулі сайлаулар Оңтүстік Корея, Франция, Иран қатарлы елдердегі президент сайлауы. Төменде біз осы аталған елдердегі сайлау мен оның нәтижесіне жеке-жеке тоқталып өтеміз.

Оңтүстік Кореядағы президент сайлауы

Кореяның президент сайлауы өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың ең бір шиеленіске толы қатерлі шағында болып өтті. Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын) билігінен бері Солтүстік Коре ядролық бағдарламасы мен баллистикалық зымырандарды дамыту бағдарламасын тынбай дамытуы, өңірлік, тіпті әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіргені анық. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің аталған елге қарата шығарған сан түрлі қарары және өзге елдердің қысымы мен ескертулеріне Ким Жоң Ун билігі пысқырып та қараған жоқ. АҚШ президенттігіне келісімен Трамп Солтүстік Кореяға шүйлікті. Шиеленіскен жағдай соғысқа ұласа жаздады.

Осымен бір уақытта Оңтүстік Кореяда белгілі дәрежедегі саяси тұрақсыздық та орын алды деуге болады. Бұрынғы президент Пак Кин Хенің мерзімсіз биліктен шеттетілуі және тергеуге алынуы Корея Республикасының жоғары билігіндегі топтардың тартысын біршама күшейтті. Оны жақтаушылар Сеулдегі орталық алаңда талай мәрте ереуіл жасады. Дегенмен, Жоғары кеңес жағынан ұйғарылған шешім бойынша президент билігінен алынып, Оңтүстік Корея 12 наурыздан бастап Мүн Жа-Ин президент болып сайланғанға дейін 2 ай мерзімде президентсіз ел болып келді.

Мүн Жа-Ин таққа отырғанға дейін Корей түбегінің жағдайын екі үлкен мәселе Корей түбегінің жағдайын ушықтырып келді. Айталық: Солтүстік Корея мәселесі және АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға орнатпақ болған «Сад» зымыранға қарсы жүйесі. Мұның алғашқысы Корей түбегінің көптен бергі проблемасы болса, екіншісі АҚШ-тың жамау үстіне басқан шоқпытымен бірдей болды. Аталған жүйенің орнатылуына қарсы Қытай, Ресей, Солтүстік Корея елдерінің наразылығы түбек мәселесін тіпті де қиындатып жіберді.  Соғыс әне-міне бұрқ ете түсуге таяп тұрғанда Оңтүстік Корея сайлауының қортындысы бұл шиеленістердің шешілуіне орай берді. Кореядағы сайлаудың түбектің шиеленісі үшін шешуші маңызы болды деуге әбден болады. Себебі, Мүн Жа-Ин президенттікке келісімен «Сад» жүйесінен бас тартты және Солтүстік Кореямен келісімге келу, тіпті экономикалық көмек көрсету ниетін білдірді.

Қазір де түбек мәселесі толықтай шешім тауып, тыныштық орнады деп айту ерте. Әлі де соғыс туылуының  қызыл сызықты деңгейінде тұр. Бірақ Мүн Жа-Ин билігі барынша тыныштыққа тартып отыр. Қытаймен кірбеңдікті бәсейтіп, АҚШ-пен ара-қатынасын салқындыққа салды. Бұны өңірдің қауіпсіздігіне уақытша болса да тыныс берді деуге болады.

Франциядағы президент сайлауы

Француз еліндегі сайлау ісі де сол ел мен Еуропаның тығырыққа тіреліп тұрған шағында болды. Ұлыбританияның Еуропа Одағынан бас тартуынан кейін ЕО-ға мүше елдер одақтың болашағынан алаңдап қалды. Қаншама көмектерден кейін де бір серпін ала алмаған Шығыс Еуропа экономикасы біршама ылғары дамыған Батыс Еуропа мемлекеттеріне үмітсіздік сыйлады. Одақтың басты тірегі Ұлыбритания кеткеннен кейін «ортақ өгіздің» бар әурешілігі мен ауыртпашылығын Германия мен Франция арқалап шыға берді.

Францияның өз ішінде де түрлі дағдарыстар орын алып, ұлттық валюта мен еуро арасында тың күрес орын алды. Франция ұлтшылдары Одақтан бас тартып, Франция болашағын өз қолына алуы керек дегенді ұрандады. Сонымен Франция ішінде де екіұдайлық орнап, халық пен саяси партияларда екіге жарылды. Франция сайлауы міне осы кезеңде болып өтті.

Сайлауға қатысқан «Ұлттық майдан» партиясы француз ұлтшылдығы негізінде одақтан бас тарту керек деп тапты. Ал Эммануэль Макрон бастаған топ ішкі жақта реформа жасап, жаңа Еуропа бірлігіне бастаушы болу ұранын ұстанды. Сайлаудың алғашқы қортындысы бойынша Марин Ле Пен мен Макрон президенттікке үміткер болды. 7 мамырда өткен екінші тур қортындысы бойынша 39 жастағы Эммануэль Макрон сайлауда жеңіп, Франция тарихындағы ең жас басшы болып таққа отырды. Бұны өзге елдердің сарапшылары «Саяси бетбұрыс» деп қарады. Себебі, Франция билігі жастардың қолына өтіп, Францияның ішкі реформасына жол ашылды.

Иран Ислам Республикасындағы президент сайлауы

Ирандағы президент сайлау әр төрт жылда бір рет өтеді. Әр реткі президент қатарынан екі рет президент болып сайлануға құқылы. Өзге елге қарағанда Ирандағы президент сайлауы тартыссыз дәстүрлі формада өтті деуге болады. Тіпті Роуханидың президенттікке қайта келуі алдын ала жоспарланып қойғанға да көбірек ұқсап кетті. Олай дейтін себебімізді төмендегіше тарқата кетелік:

Иран елі бойынша 1600-ге жуық адам өзін президенттікке ұсынған. Олардың ішінде әйелдер де бар. Алайда ИИР-ның бұрынғы президенті, атышулы Ахмединежад сайлауға қатыстырылмады. Сайлаудың соңғы айналымы жақындай бергенде Техран (Тегеран) қаласының әкімі мен вице-президент Исхақ Жаһангири президенттік кандидатурасынан бас тартты. Сонымен бірге бұл екеуі де өзін қолдаушыларға қазіргі президент Роуханиге дауыс беруін өтінді.

Иран президент сайлауында бір президенттің екі рет қатарынан ел басқаруы дәстүр болып қалды. Елдің рухани көсемі Аядолла Хоменей бұрынғы президенттің кезекті сайлауға түсуіне жол бермеді. Бір ғана Ахмединежадтың сайлаудан шеттетілуінің өзі  Роуханидің қайталай сайланатындығынан алдын ала дерек береді. Иранның бұрынғы президенті жүргізген сыртқы саясат Иранның ішкі реформасын жандандырғанымен, Батыс елдерінің наразылығына көбірек ұшырады. Қазіргі президент Роухани дипломатиялық жолмен Иранға қаратылған санкциялардың көбін кері қайтарса да, Ресеймен одақтас ИИР-ға батыс елдерінің қабағы теріс. АҚШ билігіне келген Трамп Иранды ең басты террорлық елдердің бірі деп көрсетіп, саяси жақтан оқшаулау және ядролық бағдарламасын дамытуға жол бермеуге тырысып отыр. Сол үшін де қазіргі Иран үшін, дипломатияны қолдаушы Роуханидің жалғасты президент болуы заңды әрі, керекті болып отыр.

Ал, алдағы уақытта болатын әр елдегі сайлаулар арасында Германия, Үндістан, Словения қатарлы елдер Еуропа мен Азия және де өзге аймақтар үшін ықпалды саяси өзгерістерді қалыптастырғалы тұр. Үндістандағы сайлау да дәстүрлі формада өте бермек. Алайда, бұл Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне назар аударатын жайт. Қытай өңірдегі басты қарсыластарының бірі ретінде Үндістанның ішкі сыртқы саясатына айрықша назар аударады. Бұл Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының оңтүстік бағытындағы құрылысының дамуына тікелей қатысты. Германия сайлауы болса Еуропа Одағының келешегіне және ондағы елдердің талғамына әсер етпек. Көршілес қырғыз еліндегі сайлау, көршілес ел ретінде бізге де маңызды болары анық. Сондықтан бұл тақырыптар алдағы уақытта арнаулы тоқталуды қажет етеді.

“The Qazaq Times”