Катар дағдарысына Ресейдің қатысы бар деп хабарлады СNN телеарнасы.

CNN арнасының мәліметі бойынша, ресейлік хакерлер Катардың мемлекеттік QNA ақпарат агенттігінің серверлерін бұзып, оған өздерінің дайындаған материалдарын жариялаған. Телеарнасының айтуынша ресейлік хакерлердің бұл ісі Катар дағдарысына өз әсерін тигізген.

Кибершабуылдың болғандығы жайында CNN телеарнасына Катардың сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдель Рахман Әль Тани де растаған.

Мұхаммед бен Абдель Рахман Әль Танидің  айтуынша кибершабуылдың салдарынан QNA сайтында Катар билігіне еш қатысы жоқ АҚШ президенті Дональд Трамптың билік басында көп тұра алмайтындығы жайындағы материалдар, Иран мен Израйль билігін қолдайтын материалдар жарияланған.

Қазіргі таңда Катармен БАӘ, Сауд Арабиясы, Египет, Бахрейн Карольдігі, Йемен, Ливия, Мальдив аралдары дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген. Жоғарыда аталған мемлекеттер Катарды «Аль-Кайда» мен «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымдарының идеалогиясын тарату арқылы араб әлемін улап жатыр деп айыптайды.

“The Qazaq Times”