Америакалық астрономдар жаңа экзоғаламшарды  ашты. Юпитерден екі есе үлкен болып келетін бұл ғаламшардың беткі температурасы Цельсий бойынша 4 мың градус, бұл көрсеткіш  Күннің беткі  температурасына жақын болып келеді.

Бұл қазіргі уақытта белгілі ең  ыстық ғаламшар болып отыр. Аққу шоқжұлдызында орналасқан ғаламшар Жерден 650 ғарыш жылы қашықтықта. Ғаламшар KELT-9 жұлдызын айналғандықтан KELT-9b деген атау алды.

Ғаламшар өз орбитасын толық айналып өтуі үшін Жердегі  есеппен небәрі 2 тәулік уақыт кетеді екен.

Бұл ғылыми жаңалық Огайо штатындағы мемлекеттік университеттің ғалымдарына тиесілі.

“The Qazaq Times”