Астанада болашақ зейнеткерлер зейнетақы төлемдерін алдын ала есептей алатын болады. Бір қызығы зейнетке шығуына дейін көп дегенде 3 ай қалған азаматтар ғана алдын ала есептеу үшін өтініш білдіруге келе алады екен. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.