Америка ғалымы Филипп Котлердің анықтамасы бойынша, “маркетинг” – адамзаттың қажетті дүниелерін айырбастау арқылы өзін қанағаттандыру әрекеті.

“Маркетинг” ұғымының артында не тұр? Көпшілік маркетингті тауарды өткізу және адамды  ынталандыру деп қателеседі. Таңданатын еш нәрсе жоқ! Тіпті теледидардағы жарнама роликтері, газеттегі жарнама, тікелей пошта жарнамаларының жіберілу біздің етіміз үйреніп кеткен. Әрдайым, әлдебіреулер бізге бірдеңені сатуға тырысады.

Бүгінгі күні барлық азаматтар маркетингмен айналыса білу керек. Жұмыс іздегенде, көлік сатарда, қайырымдылыққа қаражат іздегенде немесе белгілі бір идеяны насихаттағанда біз еш ойланбастан маркетингпен айналысамыз. Біз бұл нарықтың қандай екенін, ол жерде кімнің әрекет ететінін, ол қалай жұмыс істейтінін және оның қажеттілігі қандай екенін білуіміз керек.

Маркетингте біз өзіміздің тұтынушы ретіндегі рөлімізді түсінуіміз керек. Кейбіреулер  бізге бір заттарды әрдайым сатуға тырысады, сондықтан да біз маркетингте қолданылатын сату әдістерінің біразын танып білуіміз  абзал. Сондай-ақ, бұл саланы білгеніміз біздің тұтынушы ретінде парасатты болуымызға мүмкіндік береді.

Маркетинг негізгі мақсаты - адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған (физикалық қажеттіліктер,тағам, киім, жылу, қауіпсіздік, әлеуметтік қажеттіліктер және білім мен өз ойын білдіру қажеттіліктері). Адамдардың қажеттілігі шексіз, ал сол қажеттіліктерді қанағаттандыратын ресурстар аз. Сондықтан адамдар өздерінің мүмкіндіктеріне сай өздерін жоғары дәрежеде қанағаттандыратын тауарларды таңдайды.

Маркетинг – нарықтағы коммивояжер, бөлшектеп сататын сатушылар, жарнама жұмысшылары, маркетинг зерттеушілері, жаңа тауарлар және фирмалық тауарлардың өндірістік менеджерлері сияқты кәсібимамандардың негізгі пәні деуге болады.

Олар нарықты сипаттап, сегменттерге бөлуді, нарық ішінде тұтынушылардың қажеттіліктерін бағалап, ұнату-ұнатпау себептерін білу керек. Сондай-ақ, марекетинг саласында жұмыс істейтіндер нарыққа сай тұтыну ерекшеліктері бар тауарды жасап, оны сынақтан өткізу, оның бағасы арқылы тауардың құндылығын тұтынушыларға жеткізу сияқты әрекеттерді білген жөн және сол тауарға көпшіліктің қолы жететіндей етіп кеңінен тарататын білікті делдалдарды таңдай білу керек.

Тұтынушылар тауарды біліп оны сатып алу үшін мамандар сол тауарды қалай жарнамалай білу қажет. Сондықтан болар, көпшілік өнімді сату маркетингтің маңызды элементі емес екендігін білгенде таң қалады. Өнімді сату – маркетинг саласының тек бір бөлігі ғана, тіпті ең маңыздысы да емес. Егер нарықтағы мамандар маркетинг саласының басқа да  бөлімдерімен жетік жұмыс істесе, яғни тұтынушылық қажеттіліктерді анықтаса, керекті тауарларды жобалап оларға тиісті баға беріп, тауарды тарату  және тиімді ынталандыру жүйесін дамытса, мұндай тауарлар әлбетте тез сатылып, сұранысқа ие болады. Сондықтан нарықтың кәсіби мамандары білім мен тәжірибеге ие болу керек.

Ботажан Қабылбекова

“The Qazaq Times”