30 мамыр күні Астана қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы  К. Мәсімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының кезекті отырысы өтті деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Консультативті-кеңес органы аясында деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қаралған.

Мемлекеттік органдардың терроризм актісінің салдарларын жоюға және барынша азайтуға әзірлік мәселелері талқыланды.

АТО отырысының қорытындылары бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданған болатын.

“The Qazaq Times”