Жоғалды деген Бөгенбай батырдың дулығасы табылды  деп хабарлайды informburo.kz сайты.

Осы уақытқа дейін жоғалды делініп келген Бөгенбай батырдың дулығасы Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Малтабар ауылынан табылды. Бөгенбай батырдың дулығасы осы уақытқа дейін Малтабар ауылында тұратын батырдың жетінші ұрпағы Жабай Батырқожаұылының үйінде сақталып келген.

Фото: informburo.kz. Жабай Батырқожаұлы Бөгенбай батырдың жетінші ұрпағы.

Жабай Батырқожаұылының атасы Кенжәлі кеңес үкіметі кезінде ұрпақтарына Бөгенбай батырдың дулығасын үйден шығармаңдар, ол туралы ешкімге айтпаңдар деп ескертіп, болашақ ұрпаққа жеткізуді аманат еткен екен.

Фото: informburo.kz

Жабай Батырқожаұлының әулетінде дулығамен бірге батырдың сауытыда болған. Бірақ уақыт өте келе сауыт тоттанып шіріп кеткен. Кейіннен сауыттың қалдықтарын ырымдап елге таратып берген.

Ал Бөгенбай батырдың найзасын ертеректе орыс губернаторына  Жабай Батырқожаұлының аталарының бірі сыйға беріп жіберген.

“The Qazaq Times”