Қара киім мен сақал қоюға тыйым салатын заң жобасы осы жылдың күзінде күшіне енуі мүмкін. Әзірге мамандар шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, халықтың көзқарасын талдап зерттеуде. Сонымен қоса, бұл заң арқылы азаматтардың құқықтарының шектелмеуі де қарастырылуда.

Бүгінде радикалды ұйымдармен күресетін арнайы топтар құрылған. Елде жалпы саны 300-ден астам теологтар, ғалымдар, қоғам қайраткерлерінен құрылған топтардың бар екені белгілі, олардың 9-ы Алматы қаласында. Мамандардан құралған арнайы топтар халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыс жасайтын болады.

  “The Qazaq Times”